ДАМУ ЖОСПАРЫ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы
«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналықкәсіпорнының
2021-2023 жылдарға арналған
ДАМУ ЖОСПАРЫ
Шымкент – 2020 жыл
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы2023 жылдарға дейінгі
Даму тұжырымдамасы
№ | Іс-шара атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушы |
І. Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу
|
||||
1 | Киелі сөз өнері арқылы ел мүддесі көзделіп, тіл, айшықты сөз өрнегі, тапқырлық пен зейін шыңдалады. Жастарды Айтыс додасына қосу, қолдау. | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
2 | «Үкілі ару» қыз-балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, халқымыздың қыз тәрбиелеу дәстүрлеріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, отбасылық өмірге бейімдеу. | 2021-2023жж | ІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
3 | «ЖӨРГЕМ ІЛУ» — баланың тәй-тәй басып жүре бастаған шағында алға қадам басу үшін ынталандыратын, өмірге құштарлық мотивациясын сәби бойына сіңіруге бағытталған, еңбекке талпындыратын салт. Адам баласының шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап қариялық-даналық кезеңіне дейінгі адам өмірінің сатылы-кезеңдерінде жатқан ұлттық философияны ашу. | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
4 | «Тулақ шашу» дәстүрін насихаттау мақсатында «Сырмақ шерткен сыр» атты қыз-келіншектер арасында байқау ұйымдастыру. | 2021-2023жж | ІІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
5 | «Аңыз- әпсанадағы халық тарихын
жинақтау» кітап шығару.
|
2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
6 | «Қазақтың дәстүрлі медицинасы» (ғылыми-анықтамалық жинақ)
|
2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
7 | «Қымыз-шипалы сусын» (ғылыми-танымдық кітап)
|
2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
8 | «Жылқы өркениеті»(ғылыми-танымдық кітап) | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
9 | «Аңызға айналған арғымақтар»(Хрестоматия)
|
2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
10 | Тұңғыш Президенттің«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру барысында, Наурыз мерекесіне орайхалқымыздың салт-дәстүрінің, ой-дүниесінің, ұмыт бола бастаған тұстарын кеңінен насихаттау мақсатында «Наурыз керуен» ұйымдастыру. | 2021-2023жж | ІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
11 | Бесік жырын дәріптеуде «Әлди, әлди, ақ бөпем» атты аналар арасында байқау ұйымдастыру. | 2021-2023жж | ІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
12 | Ата салтты насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру мақсатында қалалық «Ел мақтаған жігітті…»«Жігіт сұлтаны-2021» байқауын ұйымдастыру. | 2021-2023жж | ІІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
13 | «Ұлы дала дәстүрі» теле жобасының дискілерін жасау және көбейту. Мәдениет және спорт министрлігі арқылы республикамыздың барлық өңірлеріне тарату, республика халқына «Ұлы дала дәстүрі» жобасын насихаттау. | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
14 |
«Күй шежіре»ҚР Мәдениет қайраткері, өнер зерттеуші, профессор Ж.Жүзбаймен дәріс.
|
2021-2023жж |
Жыл бойы
|
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы
|
15 | «Дәстүрдің дара діңгегі»этнограф-тарихшы Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен творчествосына ғылымы-тәжірибелік конференция. | 2021-2023жж | 2 жылда -1 рет | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
ІІ. Материалдық-техникалық базаны нығайту
|
||||
1 | Кондиционер («Ұлттық салт-дәстүр», «Достық», Мәжілісзалдарына)-3 дана | 2021-2023жж | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы | |
2 | Компьютерлер толық жабдығымен (7 дана жиынтығымен) | 2021-2023жж | ||
3 | Принтер лазерлік SAMSUNG SLM 2020-2 дана | 2021-2023жж | ||
4 | Музыкалық аппаратура толық жабдығымен | 2021-2023жж | ||
5 | Трибуна- 1 дана | 2021-2023жж | ||
6 | СКАНЕР EPSON PERFECTION V370 PHOTO | 2021-2023жж | ||
7 | НОУТБУК ACER ASPIRE 3 A315-55G-39EY CHARCOAL- 2 дана | 2021-2023жж | ||
8 | Ұлттық нақыштағы кілемдер (50 метр) | 2021-2023жж | ||
9 | 6 қанатты киіз үй ( жабдығымен)-1 дана | 2021-2023жж | ||
10 | 8 қанатты киіз үй ( жабдығымен)-1 дана | 2021-2023жж | ||
11 | Алтыбақан толық жабдығымен -2 дана | 2021-2023жж | ||
12 | Диірмен -2 дана | 2021-2023жж | ||
13 | Кілем тоқуға арналған керме станок-1 дана | 2021-2023жж | ||
14 | Іс-шаралар мен түсірілімдерге киетін ұлттық киімдер, ұлттық жәдігерлер, кәдесыйлар | 2021-2023жж | ||
15 | Кәсіби цифрлы фотоаппарат-2 дана | 2021-2023жж | ||
16 | Видеокамера-2 дана | 2021-2023жж | ||
17 | Текемет басуға арналған 4 қабатты Ши-2 дана | 2021-2023жж | ||
18 | LED экран 3X3 – 1 дана | 2021-2023жж | ||
19 | ГАЗЕЛЬ- жүк тиегіш- 1дана | 2021-2023жж | ||
20 | ШИРМА –көрмелік- 20 м | 2021-2023жж | ||
ІІІ. Ақпараттық-цифрландыру жұмыстары
|
||||
1 | Орталыққа келушілер үшін ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын жақсартуда ғылыми-танымдық ақпарат ұсыну ақпараттық-анықтамалық киоскілер орнату. | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
2 | ||||
IV. Кадрлық қамтамасыз ету және біліктілігін арттыру
|
||||
1 | Ұлттық мәдениетті, дәстүрімізді насихаттау мақсатында мамандарды ғылыми конференцияларға қатыстыру.
|
2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
2 | Этнограф- ғалымдармен байланыста болу және тәжірибе алмасу. | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
3 | Тарих, этнография институттарымен меморандум аясындамәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
V. Онлайн режимдегі жаңа форматтағы мәдени шаралар
|
||||
1 | Қазақ келіндерінің қонақ күту, бала тәрбиесі, ер-азаматы алдындағы кішіпейілдігі, ұлттық әдеп мәселелерін бүгінгі келіндерге үйрету мақсатында онлайн режимде «Келіндер мектебі»үйірмесі. | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
2 | Бүгінгі қыз тәрбиелеп, келін ұстап отырған аналар салт-дәстүрден дәріс оқып, ұлттық болмыс, ұлттық тәрбие мәселелері бойынша ой бөлісу. Азан шақырып ат қою, кіндік кесу, бесікке бөлеу, тұсау кесу, шілдехана сияқты салт-дәстүрлерді пысықтау мақсатында онлайн режимде «Ұлттық енелер мектебі».
|
2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
3 | Қазақ халқының космогониялық, көне дүниетанымынан туындаған «Тал бесіктен жер бесікке дейін» айдарымен адам баласы дүниеге келген кезден бастап – ат қою, кіндік кесу, тұсау кесу сияқты салт-дәстүрден бастап, жоқтауға дейінгі ғұрыптық ән-жырларын дәріптеуде Онлайн Ғұрыптық ән-жырлар конкурсын өткізу. | 2021-2023жж | ІІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
4 | «Батаменен ел көгерер» республикалық ашық онлайн байқауын өткізу. | 2021-2023жж | IV тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
5 | Орталық бойынша виртуалды экскурсия | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
VI. Халықаралық ынтымақтастық
|
||||
1 | Баян-Өлгий өңіріне іс-сапарға шығу арқылы көнерген салт-дәстүрлерімізді жинақтау. | 2021-2023жж | ІІ-ІІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
2 | Қазақ және қырғыз халықтарының ортақ дәстүрлерін зерттеу мақсатында Қырғыз еліне іс-сапарға шығу. | 2021-2023жж | ІІ- ІІІ тоқсан | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
VIІ. Тарихи-мәдени мұраны сақтау
|
||||
1 | Тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласында осы заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды пайдалану | 2021-2023жж | Жыл бойы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
2 | Мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында іске асырылған ғылыми-зерттеу және ізденіс жобаларының жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, насихаттау. | Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы |
қ/с | Ағымдағы жағдай
|
Проблемалық мәселелер | Шешу жолы | Күтілетін нәтиже |
1 | Рухани құндылықтарымыз , ұлттық салт – дәстүрлердің қазіргі таңда бұрмалануы | Тойларда кездесіп жатқан кірме дәстүрлердің көбеюі | Той ұйымдастыру орталықтарына ұлттық құндылықтарымыздың дұрыс насихатталуына бағыт-бағдар беру | Салт-дәстүріміздің насихатталуын жақсарту, түрлі отбасылық жиындардың мазмұнын байыту |
2 | Қазақ халқының қол өнер бұйымдарын (киіз, текемет басу, кілем тоқу; зергерлік бұйымдар жасау- білезік, сырға соғу, т.б.) жастарға жасалу әдісін көрсету | Орталық жанында шеберхананың жоқтығы | Қолөнер шеберлерін үйірмеге тарту | Қолөнер шеберлерінің бұйымдарын, түрлі кәдесыйларды насихаттау |
4 | Орталық кітапхана қорында «Қазақ халқының салт-дәстүрі» жайында ғылыми-әдістемелік жинақтардың жетіспеушілігі | «Қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында ғылыми-әдістемелік жинақтар шығару | Орталықта кітап қорын көбейту, толықтыру, келушілерге ұсыну | |
5 | Іс-шаралар мен түсірілімдерге киетін ұлттық киімнің, ұлттың жәдігер, кәдесыйлардың жетіспеушілігі | Мекеме бюджетіндегі қаражат тапшылығы | Басқарма тарапынан қаражаттың бөлінуі
|
Іс-шаралар жоғары деңгейде өтіледі |