Астау

 

Астау — халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы. Астауға тек қана ет салып қана қоймай басқа да майлы дәмді астарды тартуға болады.

Астаудың шүңғылдау жасалғандарына қымыз, айран, сүт, құйса, жайпақ түрлеріне бауырсақ, құрт құрғақ тағамдар салуға арналып жасалатын болған. Күнделікті тұрмыста қолданылатын астауларды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі, тек қыздың жасауына қосатын не құрметті қонаққа арналатындары өрнектеліп, күміспен нақышталады. Қазақ халқының ағаш ыдыстарының бірден-бір айырмашылық белгісі, оның көлемді келетіндігі. Мысалы, бір қойдың еті түгел сиятын керсен сияқты ағаш ыдыстар, астаулар қазақ арасында жиі кездеседі. Мұндай астаулармен белгілі, елге сыйлы кісілердің жылдық асы берілген кезде киіз үйлерге епті жігіттер астау толы етті атпен жүріп таситын болған.