«Дәстүрім-асыл қазынам» атты энциклопедиялық жинақ, «Ұлттық киімдер» альбомының тұсаукесер рәсімі

 

2019жылдың 10 маусым күні   Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында дайындалған Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында баспадан жарық көрген «Дәстүрім-асыл қазынам» атты энциклопедиялық жинақтың және «Ұлттық киімдер» альбомының тұсаукесер рәсімі болды. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлеріміз, жөн-жоралғымыз, ұлттық ойындар мен рухани мұраларымызды насихаттап, қайта жаңғырту, оны халыққа ұсыну жинақтың басты міндеті. Үш үлкен тараудан тұратын энциклопедиялық жинақта ғұрыптар жүйеленіп, тараулармен бөлімдерге бөлініп қамтылды. Ал қазақтың ұлттық киімдері жинақталған альбомда кәсіпкерлердің, дизайнерлердің, сән үйлерінің, ЖОО, колледждердің бүгінгі заман талабына сай, күнделікті тұрмыста киюге ыңғайлы ұлттық нақыштағы заманауи ұлттық киім үлгілері ұсынылған.