«Дәстүрдің дара діңгегі»

2019жылдың 5 қараша күні орталықтамемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Дәстүрдің дара діңгегі» атты көрме-экспозициясының ашылу салтанаты өтті. Өзбекәлі Жәнібеков — қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына сүбелі үлесін қосқан, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің қалпына келтірілуіне, Тайқазанның елімізге қайта оралуына ұйытқы болып, еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды түгендеу, зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына айрықша күш салған. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысып, “Наурыз” мейрамының қазақ халқына қайта оралуына, Алаш ардақтыларының тарихта өз орнын табуына т.б. ел мүддесі үшін өз өмірін арнаған. Бүгінде Өзағаңдай ұлы тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.Жиында сөз алған жазушылар М.Байғұт, ақын Қ.Төретай, С.Жәнәбіл, К.Айдарбекова сынды Өзағаңның сан алуан еңбегін әр қырынан танытты.