«ҮЛПЕРШЕК» ТАҒАМЫН БІРГЕ ЖАСАЙЫҚ!

Құрметті оқырман, Сіздерге «Ońtústik» телеарнасымен бірлесе түсірілген «Дәстүр мен дастархан» бағдарламасын ұсынамыз. Салт-дәстүрге бай, қайбір істі болмасын жөн-жосығымен жасайтын қазақ халқы ішер асқа да мән беріп, оның жасалу жолын, ол тағамның кімге тартылатынына, қандай мақсатта беру керектігіне де ерекше көңіл бөлген. Құдаға бас, күйеу балаға төс тартатынын кез келген қазақтың білері анық. Өйткені, мұның барлығы қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан дүние.

Ал қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары қаншама?! Солардың арасында жылқының жүрегінен дайындалатын үлпершек тағамын көпшіліктің білмесі анық. Ендеше «Үлпершек» тағамын бірге жасайық.

Халық арасында үлпершек тағамына байланысты аңыз да бар. Үлпершекті ұзатылып кеткен қызына ата-анасы сыйлық ретінде дайындап берген. «Қыз жат жұрттық», «Қыз қонақ» дегенмен, төркінінен келген үлпершекті жеген қыз ата-анасының жүрегінде мәңгілік екендігін сезінеді екен.