«ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫ»

 

 

Еліміздегі тұңғыш бірегей Әдет-ғұрып және  салт-дәстүр орталығы 2014 жылы желтоқсанда есігін айқара ашты.
 Жүздеген жылдар бойы ұлт құндылығына сусаған жұртқа салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жоралғы, ырым-тыйым, өзге де рухани мұраларды жаңғыртуға серпін берді.
 Мұнда салт-дәстүр әдет-ғұрыптарымызға байланысты  жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Ғасырдан-ғасырға жеткен рухани байлығымыз, мәдени мұрамыз кеңінен насихатталады. Негізгі ұстаным – Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру.
Орталықта ғылыми-әдістемелік, ғылыми–тәжірибелік конференция, семинар-тренинг, әдеби–танымдық кештер, дөңгелек үстел, түсірілімдер, өзге де түрлі  форматта, мазмұнды жиындар өткізіледі.