«Көмбе» тағамын қалай дайындайды?

Халқымыздың ұлттық тағамдар қатарында ұмыт бола бастаған «көмбе» тағамы бар. Тағамның бұл түрін бабаларымыз көбіне далада көшіп-қонып жүргенде немесе аң аулағанда ыдыс жоқ жағдайда жерді қазып, жас етті қарынға салып дәмді етіп пісірген.Көмбені дайындау тәсілі әр өңірде әр алуан. Оңтүстікжәнесолтүстіктіңқазақтарыаталмыштағамды «қарынкөмбе» депатайды.

 

«Көмбе» тағамын дайындау әдісі

 

Жерді үлкен қазан көлеміндей етіп қазып, шұңқырдың жан-жағы әбден қызғанша от жағылады. Қызған шұңқырдан оттың күлін алып тастап, тез арада жаңа сойылған қойдың немесе аңның етін қажетті қоспаларға араластырып өз қарнына салып буады.Аузына қамыстан ұзын түтік жасап, әлгі қызған шұңқырға салады. Қарынға қақпақ ретінде шұңқыр ішінен шыққан ыстық топырақты жауып қайта көмеді. Қамыстан жасалған ұзын түтіктен бұдақтап бу шыға бастағанда, от жағуды тоқтатады. Дегенмен қарын тағы 2-3 сағат бойы ыстық топырақта жатып, өз буына өзі піседі.Дайын болған асты алу үшін топырақты ақырын ғана алып, қарынның үстінгі бөлігін ойып жіберіп, ішіндегі етті алады.

 

Қадірлі оқырман, Сіздерге «Дәстүр мен дастархан» бағдарламасында «көмбе» тағамын жасаудың заманауи үлгісін ұсынамыз. «Көмбе» тағамы адам бойына күш-қуат беретін, дәруменге толы тағам. Ендеше, «көмбе» тағамын бірге жасайық.