«Сақталушы еді сыбаға…» этно-танымдық шара

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында халқымыздың аса құнды «Ерулік», «Сыбаға» дәстүрін дәріптеуде «Сақталушы еді сыбаға…» этно-танымдық шара өтті.
Шараға Түркістан облысы, Отырар, Созақ аудандарының «Құрметті азаматы», қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметұлы, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің директор – бас редакторы Бақтияр Байдаллаұлы,  Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Әбдіхамитқызы қатысты.
«Ерулік» салты бойынша, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының шығармашылық, концерттік саласының жетекшісі, белгілі әнші Ақбота Шатырханқызын киелі шаңыраққа шақырып, баба жолымен ет, сүт тағамдары мен дәнді-дақылдардан дәм тартылды. Сыбағаның жөн-жоралғысы, мән-мазмұны туралы әңгіме өрбіді.
Бүгінде де өз мәнін жоймағанын «Ерулік» дәстүріне куә болған мәртебелі қонақтар айтыскер ақын Есенқұлов Нұрланның арнауын тыңдап, ризашылығын білдірді.