«Тойдан түйер ой» 14.06.2017ж

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесіп, ел арасында танымал әнші-биші, асабаларды шақырып «Тойдан түйер ой» тақырыбында «Айтарым бар» ток-шоуын ұйымдастырды. Осы тақырыпта ой қозғаған әнші-сазгер Заттыбек Көпбосынұлы, асабалар Майра Ормолдаева , Гаухар ханым, Назарбек Үсіпахметов бүгінгі тойдың бағыт-бағдары, асабалардың той жүргізу мәдениеті, болашақта бұл мәселелерді қайта қарап, бір жүйеге түсіру, мазмұнын жаңғырту жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

«Тағам және талғам» 06.06.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ОҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының арнайы тапсырмасы бойынша ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды насихаттау мақсатында «Тағам және талғам» атты салт-дәстүр семинары өтті. Семинардың мақсаты: ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру, халық арасында ұлттық тағамдарды дәріптеу және насихаттау, қаламыздың танымал мейрамхана және салтанат сарайларының ас мәзіріне ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарымызды енгізу.

«Руханият жолында»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстан Жастар Одағы, Халықаралық «Алаш» және Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтары мен «Құрмет» ордені иегері, көрнекті ақын, этнограф Қасымхан Бегмановпен «Руханият жолында» атты шығармашылық кездесу өтті.

«Түркістан – Ер Түріктің бесігі…» 22.05.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Түркістан қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе «Түркістан – Ер Түріктің бесігі…» атты 18-35 жас аралығындағы жазба ақындар арасында жыр мүшәйрасын ұйымдастырды. Түркістан қаласының «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілген бұл шараның негізгі мақсаты: жазба ақындардың шығармашылығын шыңдап, талабын ұштап, жас ақындардың тың туындыларын халқымыздың салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен байланыстыру, қоғам назарына ұсынып, көпшілікке насихаттау. 

«Батаменен ел көгерер» 17.05.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ОҚО Әкімдігінің тапсырмасымен ОҚО аудан, қалаларында ардагерлер үйінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Батаменен ел көгерер» тақырыбында батагөй қариялар байқауы ұйымдастырылды.  Байқаудың мақсаты  қол жайып бата сұрағанға жол ашатын, бақ тілейтін мәні мен маңызы зор, сөзі үміт сыйлайтын бата беру дәстүрін қайта жаңғырту.

«Ұлы дала ойындары» 03.05.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлері облыстық қосалқы мектеп интернаты оқушыларына қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау аясында «Ұлы дала ойындары» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында мүмкіндігі шектеулі интернат тәрбиеленушілері «ақшамшық» (сақина салу), «асау мәстек», «арқан тартыс», «бестас», «арынды арқан» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.

«Үкілі ару» 26-27.04.2017ж

Қыз баласы – ертеңгі ана, отбасының ұйытқысы. Қазақ қызы барған елін көгертіп, көбейтіп, мерейін үстем етіп, кез-келген жағдайда отбасы тірлігін дөңгелетіп кеткен. Оған кешегі жоқтан бар жасай білген дана әжелеріміз бен бүгінгі аналарымыз дәлел. Ал, қазіргі заман дамыған елде қазақтың қызы үй жағдайындағы тірлікті қаншалықты алып кетеді деген сұрақ туады? Осы мәселе тұрғысында алатындығын білу үшін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыс көлеміндегі аудандар арасында «Үкілі ару» байқауын ұйымдастырды.

«Ел қорғаны-батырлар» 18.04.2017ж

Балаларымызды ұлтжандыққа тәрбиелеуде батырлар жырының алар орны ерекше. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында қалалық мектеп оқушылары арасында «Ел қорғаны-батырлар» тақырыбында жас жыршылар байқауын өткізді.

«Бесік жыры-тәрбие бастауы!» 15.03.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндер-ай»!   атты облыс көлеміндегі келіндердің байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — отбасындағы ата- ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым — қатынасты нығайту.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға…» 17.02.2017ж

Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы мен Төлеби ауданының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе, аудан тұрғындарының аңшылар қоғамы мүшелерімен «Қансонарда бүркітші шығады аңға…» тақырыбында аңшылар арасында саятшылық өнерін насихаттау аясында этнографиялық танымдық шара өтті.

1 3 4 5