«Тойдан түйер ой» атты ток – шоу

2020 жылдың 18 ақпан күні «Қайырымды қала мәдениеті» жобасы аясында ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге арналған бүгінгі той мәдениеті төңірегінде ой қозғайтын «Тойдан түйер ой» атты ток – шоу өтті. Шақырылған қонақтар Сайрам ауданының «Құрметті Азаматы» зейнеткер ұстаз, ақын-сазгер Дайрабай Дәулетов,әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы,ақын- сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы,ҚР мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов және Әзіл-сықақ және сатира театрының актеры Ғалымжан Қалыбаев,ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,блогер Әсет Әссанди, «Асабалар алаңы» байқауының жеңімпазы Кенжехан Дүйсенбі — қазіргі тойлардағы орын алған келеңсіздіктер, тойда бей берекет шашылу мен ысырап мәселесін шектеуге әрбір азамат атсалысу керектігі туралы жалпы пікірлерін ортаға салды. Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Оралбаева Зәуре Абдухамитқызы — тойды батамен бастау, тойға кешігіп келу, жалпы той мәдениетін қалыптастыруды өз дәрежесінде дамыту керектігін атап өтті. Орталық директорының орынбасары айтыскер — ақын Ақмарал Пернебекқызы Леубаева Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің бастамасымен «Қамқорлық» жобасы аясында тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға өнер адамдарының көмегімен отбасындағы қандай да бір қуанышы — тойларын атқаруға жәрдемдесу, атсалысу қажеттігі туралы өз ұсынысын білдірді.

«Сәлемің түзу болсын!»

2020 жылдың 28қаңтар күні «Сәлем-сөздің анасы», деп Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы іс-шараны сәлемдесу әдебімен бастады. «Қайырымды қала – Шымкент» концепциясына сәйкес жаңа қалалық ізгілікті мәдениет қалыптастыруға арналған «Қайырымды қала мәдениеті» жобасы аясында халқымыздың сәлем беру дәстүрі үлгісін насихаттауда «Сәлемің түзу болсын!» атты этнотанымдық шара өтті. Бұл шарадағы мақсат – «Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен таны» дегендей, халқымыздың сәлем беру дәстүрі үлгісін көпшілік арасында насихаттау. Этнотанымдық шараны Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы – Мыңбаев Рашид Мамытұлы салтанатты түрде ашып берді.

Іс-шара қонақтары көрнекті ақын, К.Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлы мен Шымкент қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Тілеубердиева Фатима өз ойларын ортаға салып, өнегелі әңгіме өрбітті. Ал, Қаратау ауданының бас имамы Желеуов Дастан Сүлейұлы өз сөзінде көпшілік бас қосқан жерде ортақ сәлем бергеннен кейін, жекелеп амандасу – басы артық әрекет. Әдетте жасы кіші – үлкенге, жеке – жалпыға, аттылы-жаяуға, басшылар бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет деп шариғат талабына сай сәлемдесуді еске салды.

«Достық, бірлік — туымыз!»

2019жылдың 5 желтоқсан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Шымкент-ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы» аясында орталықтың ұйымдастыруымен «Достық, бірлік — туымыз!» тақырыбында ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды насихаттау аясында №69 мектеп оқушыларымен бірлесе сайыс өткізді. Қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы ұрпақ қамына негізделген. Басты мақсат — балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына, нәтижесінде батылдық, ептілік, тапқырлық, күштілік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.Ойын барысында балалар «Арқан тартыс»,»Асау мәстек», «Бұқа тартыс», «Қасқыр мен қойшы», асық ойындары, т.б. ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсіп, жеткіншектер аса қызығушылығы мен белсенділіктерін көрсетті.

«Менің Елбасым!»

2019жылдың 29 қараша күні1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Менің Елбасым!»тақырыбында фото-көрме өткізілді.Елбасының өмір жолы туралы, сарабдал саясатының арқасында – халықтың әл-ауқатының нығайып, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында сенімді түрде алға жылжып келе жатқаны жайлы орталық қызметкерлері баяндады. Шараға №15 және №16 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысып, фото-көрмені тамашалап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды саяси-экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытумен шектелмей, халқымыздың ХХІ ғасырдың талаптарына сай рухани-мәдени тұрғыда кемелденуіне баса назар аударып келеді.

«Ұлттық сусындар-ұлттық бренд»

2019жылдың 11 қараша күні орталықта төрт түліктің киесі, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ырым-тиымдары туралы«Ұлттық сусындар-ұлттық бренд»атты танымдық сағат өткізді. Іс-шараны ашқан орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Ж.Тағаев бұл шараның маңыздылығына тоқтала келе ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, сусындарды ұлттық бірегейлікке айналдыру-әрбіріміздің парызымыз,-деп атап өтті. Шара барысында баптаушылар қымыз, қымыран, боза, сүт өнімдерін дайындаудың әдіс-тәсілдері, адам өміріндегі алатын орнын паш етті. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды.

«Дәстүрдің дара діңгегі»

2019жылдың 5 қараша күні орталықтамемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Дәстүрдің дара діңгегі» атты көрме-экспозициясының ашылу салтанаты өтті. Өзбекәлі Жәнібеков — қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына сүбелі үлесін қосқан, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің қалпына келтірілуіне, Тайқазанның елімізге қайта оралуына ұйытқы болып, еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды түгендеу, зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына айрықша күш салған. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысып, “Наурыз” мейрамының қазақ халқына қайта оралуына, Алаш ардақтыларының тарихта өз орнын табуына т.б. ел мүддесі үшін өз өмірін арнаған. Бүгінде Өзағаңдай ұлы тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.Жиында сөз алған жазушылар М.Байғұт, ақын Қ.Төретай, С.Жәнәбіл, К.Айдарбекова сынды Өзағаңның сан алуан еңбегін әр қырынан танытты.

«Қызды ауылдың қызығы… »

2019жылдың 23 қазан күніӘдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Қызды ауылдың қызығы… » атты тағылымдық шара өтті. «Жастар жылы» аясында өткізілген бұл шара салт-дәстүріміздегі қыз-бала тәрбиесінің нәзік иірімдері, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін қоғамға ауадай қажеттігі баршаға аян екені мәлім. Осы орайда бұл шараның маңызы зор деп білеміз.

«Қазақ дастарханы»

2019жылдың 9 қазан  күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті.Фестивальді Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындаудан түрлі ұлт өкілдері арасында көрме өткізу, ұлтымыздың қонақжайлық дәстүрін дәріптеу, рухани құндылықтарымызды жаңғырту.

«Қарты бар ел қазыналы»

2019жылдың 1 қазан күні  Халықаралық қарттар күніне орай, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық «Ардагерлер» үйінде «Қарты бар ел қазыналы» атты игі іс-шара ұйымдастырды.Мерекелік шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты, ақын Нармахан Бегалы қатысып, орталық қызметкері Нұрлан Есенқұлов әуезді толғауымен ардагерлерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

«Ұлттық киім – ұлттың көркі, ұлттың көркі – бөркінде»

2019жылдың 16 қыркүйек күні орталығымыз «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжімен бірлесе «Ұлттық киім – ұлттың көркі, ұлттың көркі – бөркінде»тақырыбында көрме өткізілді.Іс-шараның мақсаты – ұлттық киім түрлерін бүгінгі заман талабына сай, күнделікті тұрмыста киюге ыңғайлы етіп дайындау, жастардың эстетикалық талғамын, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою –өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихы мен ой – дүниесінің қайталанбас көрінісін Гүлжанар Дайрабайқызының жетекшілігімен М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері,Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, Мардан Сапарбаев институтының Парасат колледжі студенттері өз қолдарынан тігілген киім үлгілерін көрсетті.

1 3 4 5 6 7 9