«Сабантой-Алтын күз» 29.11.2018ж

Ертеден келе жатқан «Сабантой» дәстүрлі мерекемізді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында Шардара ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе осы мерекеге орай «Сабантой-Алтын күз» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шарада аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, ұмыт бола бастаған дәстүр-кеусен, «Әлім ботқа» таратып, қазақтың ұлттық, спорттық ойындары- қол күрес, асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту, ләңгі тебу ойнатылды. Елдің берекеге кенелетін кезінде атап өтілетін бұл мерекені жаһандану жағдайында жалпы халықтық дәрежеде атап өтуді жолға қойып, халық арасында кеңінен насихаттау, қайта жаңғырту-әрбіріміздің парызымыз.

«Менің Елбасым!» 27.11.2018ж

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, қаламыздың танымал ақын-жазушылары, ғалымдардың қатысуымен «Менің Елбасым!» атты семинар өтті. Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналуда. Сонымен қатар Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұнды, тағылымы мол мақаласы қалың жұртшылық тарапынан қызу талқыланды. Мақаланы талқылауға Шымкент қаласының ЖОО-ның студенттері, Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушылары, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысып, тақырып аясында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.

«Ұлттық сусындар-ұлттық бренд» 22.11.2018ж

Ғасырлардан келген ұлттық сусындарды насихаттауда, төрт түліктің киесі, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ырым-тиымдары туралы «Ұлттық сусындар-ұлттық бренд» атты танымдық сағат өткізді. Шара барысында баптаушылар қымыз, қымыран, боза, сүт өнімдерін дайындаудың әдіс-тәсілдері, адам өміріндегі алатын орнын паш етті. Орталық қызметкерлері талантты айтыскер-ақындарымыз А.Леубаева мен Н.Есенқұлов арасындағы қымыз бен қымыран айтысы қызықты болып, көрермендер қошеметін иемденді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бұл шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының шеңберінде өтуі осының айғағы.

«Сырмақ шерткен сыр» 16.11.2018ж

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Қазығұрт ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе «Қызылқия» ауылдық мәдениет үйінде аудан тұрғындары арасында «Тулақ шашу» дәстүрін дәріптеу мақсатында «Сырмақ шерткен сыр» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты-ұмыт бола бастаған көне дәстүрімізді жаңғырту, жүннен жасалатын бұйым түрлерін, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау. Аталмыш шарада аудан тұрғындары ұмыт бола бастаған қолөнеріміз- жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеу, киіз басу салтынан шеберлік көрініс көрсетті.

«Дәстүр жолында» 05.11.2018ж

Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Жазушылар одағының басқарма мүшесі, көрнекті ақын Қасымхан Бегмановтың 60 жылдығына орай Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Президент және халық» газетінің бас редакторы, Әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі, публицист, журналист Марат Тоқашбаевтың қатысуымен шығармашылық кездесу өтті. Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов қонақтарға жырдан шашу шашты. Кездесуге танымал ақын-жазушылар Мархабат Байғұт, Қабылбек Төретайұлы бастаған өнерсүйер қауым жиналды. Ақынның этнография саласындағы ұшан теңіз еңбегі, Алаштануға қосқан үлесі «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты жаңа туындысы туралы кеңінен талданды.

«Бала тәрбиесінің баспалдағы-Отбасы» 01.11.2018ж

«Тұрмыстық зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық іс-шаралар жобасы аясында тұрмыстық зомбылықты болдырмау және оның алдын алу үшін тиімді шараларды аңықтау мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Бала тәрбиесінің баспалдағы-Отбасы» атты семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға арнайы мамандар: — Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі, ЖКПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Г. Моминова, Әйелдердің құқығын қорғау «Сана-сезім» қоғамдық ұйымының вице президенті Ш. Хасанова, Зейнеткер ана Ш. Кадыркулова, Шымкент қаласы «Аналар үйінің» үйлестіруші мамандары К.Тонтекова және У.Жангырханова шақырылды. Шараға Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысып, тақырып аясында берілген сұрақтарға жауап алды.

«Жолдау — дамудың сатысы» 31.10.2018ж

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» кезекті Жолдауын талқылауға байланысты «Жолдау — дамудың сатысы» атты қаламыздағы ЖОО ғалым-оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Иманқұлов Әбдез Рахманұлы, ОҚМПУ «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қ. Анарбаев, М.Ауезов атындағы ОҚМУ «Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті, социология ғылымдарының докторы Сауле Жақсыбайқызы Рысбаева қатысып, Жолдау бойынша жан-жақты талдау жасады.

«Мизам-береке бастауы» 25.10.2018ж

Мақтаарал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, егін шаруашылығы дәстүрлерінің көне түрі – «Мизам» мерекесіне орай аудан тұрғындары арасында «Мизам-береке бастауы» этнофестивалін өткізді. Қазақтың өмір салтынан туған, елдің берекеге кенелетін кезінде атап өтілетін бұл мерекені жалпы халықтық дәрежеде атап өтуді жолға қойып, халық арасында кеңінен насихаттау, қайта жаңғырту жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікке айналдыру-әрбіріміздің парызымыз. Этнофестивальге аудан басшылығы, мәдениет қайраткерлері, кітапхана қызметкерлері, аудан тұрғындары, мектеп оқушылары, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

«Құда бола қалсаңыз» 11.10.2018ж

Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе өткізген — «Құда бола қалсаңыз» этнотанымдық іс-шара Арыс жағасындағы «Ауыл» демалыс аймағында өтті. Құдалықтың көнеден жеткен жөн-жоралғылары-қамшы ілу, жаушы жіберу, бауыздау құда, қандас құда, «бауырдан табақ жүгірту», төс қағыстыру, ұн жағу, қарғыбау, табақ тарту, құйрық-бауыр асату, құда тінту, құда сілку сияқты кәделер мен жол-жоралғылар қамтылған көрініс құдалықтың мән-мағынасын аша түсті.

«Қариялы ел-қазыналы» 28.09.2018ж

1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай Әдет-ғұрып және Салт-дәстүр орталығы облыстық «Ардагерлер» үйінде «Қариялы ел-қазыналы» атты игі іс-шара ұйымдастырды. Шараға Сайрам ауданының Құрметті Азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, ақын-жазушы Қабылбек Төретай және орталық қызметкерлері қатысты.Орталық қызметкерлері Қуатбай Нұрмағамбетов көнеден келе жатқан әуезді толғауымен ардагерлерге жақсы көңіл-күй сыйласа, Нұрлан Есенқұлов пен Пернебек Жалғас әуезді әндерімен қариялардың ілтипатына бөленді. «Ардагерлер үйінің» мәдени іс-шараларын ұйымдастырушы, ақын-термеші Дайрабекова Дәмегүл жыр-термесімен ардагерлердің жүрегін тербетті.

1 14 15 16 17 18 23