«Түйемұрындық» 12.09.2018ж

Арыс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе Саналы ауылының тұрғындарымен «Түйемұрындық» дәстүріне арналған облыстық мәдени іс-шара өткізді. Келінді қарсы алу – келіншек көшінің алдынан шығып күтіп алу қазақы дәстүрде аса құрметті саналған. Қалыңдық жасауы, қызға берілген дүние-мүлік артылған көш қыз ауылынан шығып, келін болып түсетін ауылына жақындағанға дейін қыз көші, ауылға жақындай келе келіншек көші деп аталады. Шаңырақ түйе бастаған келіншек көшін жол бойында кездескен ауылдың әйелдері, жастары шаңырақ түйені жетелеп келе жатқан аттың ноқтасынан немесе түйенің жез бұйдасынан ұстап, «түйемұрындық бер» деп кәде сұрайды. Қыз шешесі оларға сыйлық беріп, түйемұрындық кәдесін алғандар жастарға бақыт тілеп, жол болсын айтады. Ауыл тұрғындарымен өткен бұл дәстүрдің тәлімі мол болды.

«Ұлылар қадірін ұғындырар сапар» 24-26.08.2018ж

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының бір топ мамандары тарихи-мәдени орындардың тарихымен танысу және тың деректер жинау мақсатында «Ұлылар қадірін ұғындырар сапар» атты іс-сапармен  сыр өңіріне барды.

«Асар – бірлікке қадам» 19.07.2018ж

Созақ аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп, ауыл тұрғындары арасында «Асар – бірлікке қадам» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара аясында Шолаққорған ауылындағы «Балтабұлақ» бұлағы бойына асар дәстүрі бойынша тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі іске ауыл тұрғындары белсене қатысып, бұлақ көзін ашып, суды қоқыстардан тазартты. Асар барысында ауыл ақсақалы Әлтаев Тұрсын елді бірлікке шақырып, осындай игі бастамалардың одан әрі жандануын тілеп, бата берді. Ауылдың аналары асаршыларға сусын, бауырсақ секілді астарын ұсынып, алғыстарын білдірді. Тұрғындар осы дәстүрді ұстанып, бұлақ басын таза ұстауға уәделесті.

«Әнім сенсің — Астана» 17.07.2018ж

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, ұлттық өнерімізді өскелең ұрпақтың санасында қайта жаңғырту және ән, жыр, поэзия арқылы Астанамыздың абыройын асқақтату мақсатында «Әнім сенсің — Астана» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.  Мерекелік іс-шараға облыстың жас таланттары, әншілер, республикаға белгілі ақындар қатысып, Ару Астанамызды ән мен жыр бесігінде тербетіп, келген көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында орталық директоры Жәнібек Абданбекұлы өнер көрсеткен өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттады.

«Ұлттық ойын — ұрпақты шыңдайды» 05.07.2018ж

Орталығымыз Түлкібас ауданы Машат шатқалында орналасқан «Самал» жазғы сауықтыру лагерінде халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында «Ұлттық ойын — ұрпақты шыңдайды» тақырыбында балалар арасында сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында балалар «арқан тартыс», «бұқа тартыс», «асық ату», «асау мәстек», т.б. ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Сайысқа түскен жас жеткіншектердің қызығушылығы мен белсенділіктерінде шек болмады. Себебі, ұмыт бола бастаған ойын түрлері өте қызық, әрі тартымды. Сайыс соңында жеңімпаздарға орталығымыз тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

«Домбыра — Думан» 02.07.2018ж

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шілде айының 1-ші жексенбісі «Ұлттық Домбыра күні» болып белгіленуіне орай ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы 1 шілде күні «Домбыра — Думан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Елімізде алғаш рет аталып өтіп отырған атаулы күнге байланысты ұйымдастырылған іс-шараға «Тассай сазы» әжелер ансамблі, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің өнерпаздары, өңірімізге танымал домбырашы, термешілер Қалиев Бақберген, Бәйдебек Қошан және Республикамызға белгілі айтыскер-ақын Нұрлан Есенқұловтар қатысып тамаша табиғат аяасында қасиетті қос ішектен төгілген күмбірлі күйін, әуезді әнін, тағылымды термелерін «Жайлаукөл» саябағының келушілеріне паш етті. Қатысушы өнерпаздардан бөлек жиылған көрермендердің арасынан да суырылып шығып өз өнерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне бөленгендер де болды. Шара соңында орталық басшысы Ж.Тағаев қатысушыларға мекеме атынан алғыс хаттар табыстады.

«Жастар алтыбақан аясында» 18.06.2018ж

Бәйдібек аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау аясында жастар арасында «Жастар алтыбақан аясында» ойын-сауық кешін ұйымдастырды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Жәнібек Тағаев пен Бәйдібек аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі меңгерушісі Ерғали Есмырзаев қатысып, алтыбақан аясында әсем ән мен сыңғырлаған күлкіге толы сауық кешін тамашалады. Ауыл-аймақтан жиналған өнерпаздар дәстүрлі әндерді нақышына келтіре шырқап, жастар «Серке құлақ», «Таяқ лақтыру», «Арқан тарту», «Жастық лақтыру», «Ақ сүйек» секілді қазақ халқының ұмыт болған ұлттық ойындарын көрерменге ұсынды. «Алтыбақан» жастарға рухани қуат, өнегелі тәрбие береді. Көк пен жер арасында, айлы түнде барша жастың жүрегінде айтылар сыр мен шашылар жыр қалмайды. Аудан басшысы орынбасары Бағдатбек Жанғазиев игі шараның маңызы ерекше екендігіне тоқталып, алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізіп, бәйдібектіктердің кәдесыйын тарту етті.

«Қымызмұрындық» 16.06.2018ж

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданында ежелгі дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті. Шараның мақсаты – жұртшылықтың ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге қызығушылығын арттыру, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын насихаттау. Ұлттық сусын мерекесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық маслихаттың депутаттары, өңір ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени орталықтардың төрағалары және республикалық, облыстық блогерлер мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Іс-шара аясында қымыз баптаушылар сайысы, қолөнер шеберлерінің көрмесі, сәйгүліктердің шеруі, ұлттық ат спорт түрлерінен көріністер, қымыз ішуден мешкейлер сайысы өтті. Мерекеге 15 аудан, қалалардан үміткерлер қатысып, жеңімпаздар облыс әкімінің арнайы сыйлығымен, дипломдармен марапатталды.

«Айды алқа ғып берейін» 25.05.2018ж

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Айды алқа ғып берейін» атты облыстық жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Жан біткеннің кіршіксіз сезіміне тіл бітіріп, тылсым дүниесіне бойлаған Мағжан жырлары — тұнған лирика. Қазақ поэзиясының асқар шыңында тұрады. Ал, әлеуметтік, саяси тақырыптарды тиек еткен өлеңдері кейінгі ұрпаққа ұлағатты жол сілтейді. Бүгінгі жиналғандар, осы себепті де, Мағжан сенімін ақтауды көздейді. Аталмыш іс-шара соңында қатысушылар арнайы алғыс хаттар мен марапатталды. Бабы мен бағы қатар шауып, жүлделі І орын Метербай Бағашар, ІІ орын Нарқұлан Райханұлы, ал ІІІ орын Қайсар Бауыржанұлы бұйырды.

«Айтайық жарамазан елімізге!» 21.05.2018ж

Ақсу ауылы Қ. Жандарбеков атындағы Мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қасиетті Рамазан айы мерекесіне Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Айтайық жарамазан елімізге!» атты рухани кеш өткізді. Ұлтымыздың мәдениеті, салт-санасы, ділі мен дінін айғақтайтын жарамазан жырының тәрбиелік мәнін жаңа қырынан танытуда кеш аудан тұрғындары, әсіресе оқушылардың танымын арттыруда рухани жаңа мазмұнда өтті. Мәдениет үйінің өнер ұжымы (режиссер Құлданов Әскер Төребайұлы, Мәдениет үйінің директоры С. Темірбаев) жарамазанның шығу тарихы, оның мән-мазмұнын сахналық қойылыммен бейнеледі.

1 2 3 4 5 8