«Дәстүрлі және ғұрыптық ән» 24.08.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Облыстық Көрме орталығында «Дәстүрлі және ғұрыптық ән» тақырыбында облыс өнерпаздарының қатысуымен дәстүрлі-ғұрыптық ән байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізді дәріптейтін ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби халық композиторларының шығармаларын оның ішінде: жар-жар, тойбастар, сыңсу, беташар, жарапазан, наурыз, бесік жыры т.б дәстүрлерде орындалатын әндерді насихаттау.

«Мен Абайды оқимын!» 22.08.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, «Мен Абайды оқимын!» ағартушылық-поэзиялық акциясын ұйымдастырды. Акцияға кеш қонақтары ретінде оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері, Облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармония әншілері мен қала тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Құда-мың жылдық» 21.08.2017ж

Ертеден бізге жеткен дәстүр бойынша құдалықтың мәні аса тереңде.
Ұл ер жетті. «Қосқұлақ бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жекжат болайық» деп, өздерінің діттеген еліне барып түстенеді.Бүгінде отбасы құндылығын, жастардың шаңырақ құрудағы жауапкершілігін нығайтуда мұндай ғұрыптардың мәні зор. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Созақ ауданы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп өткізген «Құда-мың жылдық» тақырыбындағы іс-шара да осы мақсатты көздеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отырған іс-шараның құндылығы да осында.

«Ойынмен бой түзейді жас ұрпақ» 07.08.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен бірлесе жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында «Ойынмен бой түзейді жас ұрпақ» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен жасөспірімдер арасында cайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында жасөспірімдер «арынды арқан», «ақшамшық» (сақина салу), «арқан тартыс»,«бұқа тартыс» , «асық ату», «теппе» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.

«Балаларға базарлық» 20.07.2017ж

Шығармашалық ұжым ұйытқы болған іс-шараның бірі Түлкібас ауданында болып өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында «Балаларға базарлық» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен Б. Саттарханов атындағы балалар спорттық-сауықтыру лагері оқушылары арасында сайыс ұйымдастырылды.

«Жүректі бір жаңарту» 14.07.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстан Журналистер одағы мен С. Ерубаев атындағы жастар сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, көрнекті ақын және жазушы Әкім Ысқақпен «Жүректі бір жаңарту» атты шығармашылық кездесу өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты: оңтүстіктің тумасы белгілі ақын және жазушы ағамызбен бас қосу, оқырмандармен қауыштыру, ақын шығармаларын көпшілікке насихаттау.

«Қымызмұрындық»28.06.2017ж

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы салт-дәстүрді жаңғыртуға рухани серпін берді. Осы негізде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлері ел арасына шығып көне дәстүрлерді жаңғыртуда үлес қосуда. Соның бір айғағы — Түлкібас аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлескен «Қымызмұрындық» дәстүрі туралы іс-шара өткізілді.

«Тойдан түйер ой» 14.06.2017ж

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесіп, ел арасында танымал әнші-биші, асабаларды шақырып «Тойдан түйер ой» тақырыбында «Айтарым бар» ток-шоуын ұйымдастырды. Осы тақырыпта ой қозғаған әнші-сазгер Заттыбек Көпбосынұлы, асабалар Майра Ормолдаева , Гаухар ханым, Назарбек Үсіпахметов бүгінгі тойдың бағыт-бағдары, асабалардың той жүргізу мәдениеті, болашақта бұл мәселелерді қайта қарап, бір жүйеге түсіру, мазмұнын жаңғырту жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

«Тағам және талғам» 06.06.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ОҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының арнайы тапсырмасы бойынша ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды насихаттау мақсатында «Тағам және талғам» атты салт-дәстүр семинары өтті. Семинардың мақсаты: ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру, халық арасында ұлттық тағамдарды дәріптеу және насихаттау, қаламыздың танымал мейрамхана және салтанат сарайларының ас мәзіріне ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарымызды енгізу.

«Руханият жолында»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстан Жастар Одағы, Халықаралық «Алаш» және Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтары мен «Құрмет» ордені иегері, көрнекті ақын, этнограф Қасымхан Бегмановпен «Руханият жолында» атты шығармашылық кездесу өтті.

1 19 20 21 22 23