Орталыққа Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитет төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Рустам Рахымұлы Музафаров арнайы келіп, орталық жұмысының бағыт-бағдары, тыныс-тіршілігімен танысты.

Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, кеңінен насихаттау мақсатында ұмыт қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту бойынша бірлесе жұмыстар атқарылады.

«Көмбе» тағамын қалай дайындайды?

Халқымыздың ұлттық тағамдар қатарында ұмыт бола бастаған «көмбе» тағамы бар. Тағамның бұл түрін бабаларымыз көбіне далада көшіп-қонып жүргенде немесе аң аулағанда ыдыс жоқ жағдайда жерді қазып, жас етті қарынға салып дәмді етіп пісірген.Көмбені дайындау тәсілі әр өңірде әр алуан. Оңтүстікжәнесолтүстіктіңқазақтарыаталмыштағамды «қарынкөмбе» депатайды.

 

«Көмбе» тағамын дайындау әдісі

 

Жерді үлкен қазан көлеміндей етіп қазып, шұңқырдың жан-жағы әбден қызғанша от жағылады. Қызған шұңқырдан оттың күлін алып тастап, тез арада жаңа сойылған қойдың немесе аңның етін қажетті қоспаларға араластырып өз қарнына салып буады.Аузына қамыстан ұзын түтік жасап, әлгі қызған шұңқырға салады. Қарынға қақпақ ретінде шұңқыр ішінен шыққан ыстық топырақты жауып қайта көмеді. Қамыстан жасалған ұзын түтіктен бұдақтап бу шыға бастағанда, от жағуды тоқтатады. Дегенмен қарын тағы 2-3 сағат бойы ыстық топырақта жатып, өз буына өзі піседі.Дайын болған асты алу үшін топырақты ақырын ғана алып, қарынның үстінгі бөлігін ойып жіберіп, ішіндегі етті алады.

 

Қадірлі оқырман, Сіздерге «Дәстүр мен дастархан» бағдарламасында «көмбе» тағамын жасаудың заманауи үлгісін ұсынамыз. «Көмбе» тағамы адам бойына күш-қуат беретін, дәруменге толы тағам. Ендеше, «көмбе» тағамын бірге жасайық.

«ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫ»

 

 

Еліміздегі тұңғыш бірегей Әдет-ғұрып және  салт-дәстүр орталығы 2014 жылы желтоқсанда есігін айқара ашты.
 Жүздеген жылдар бойы ұлт құндылығына сусаған жұртқа салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жоралғы, ырым-тыйым, өзге де рухани мұраларды жаңғыртуға серпін берді.
 Мұнда салт-дәстүр әдет-ғұрыптарымызға байланысты  жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Ғасырдан-ғасырға жеткен рухани байлығымыз, мәдени мұрамыз кеңінен насихатталады. Негізгі ұстаным – Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру.
Орталықта ғылыми-әдістемелік, ғылыми–тәжірибелік конференция, семинар-тренинг, әдеби–танымдық кештер, дөңгелек үстел, түсірілімдер, өзге де түрлі  форматта, мазмұнды жиындар өткізіледі.

Қыз жасауы туралы не білеміз?

Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Көбіне жігіт жағынан берілетін қалыңмалға шамалас келетін жасау кейде оның мөлшерінен де асып түсіп жатуы мүмкін.

Қызға жасау беру ата — ана мойнындағы борыш. Сол себепті де «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деге нқазақ қыз баласын жасаусыз ұзатпаған. Тұрмыс — салттың өзгеріп дамуына орай жасаудың да мөлшері мен мазмұны үнемі өзгеріске ұшырап отырғаны анық.

Қазіргі кездегі қыз жасауы дүние — мүлік пен бірге тұрмыстық — техника түрлері және үй жабдығын ақажетті құралдармен толық беріледі. Қыз жасауы нәроблы сөзінше жасайды.

Бүгінде қыз жасауы да қазақтың тойы секілді бәсекелестікке айналуда. Қандай жағдай болса да қос ғашықтың отбасы болып, аяқтан тұрып кетуінің бәрінен маңызды екенін есте ұстаған жөн.

Сіздің аймақта қыз жасауын берудің айырмашылығы қандай?

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық сипатын танытатын «Жыр арқауы — Елбасы» тақырыбында онлайн айтыс өткізілді. Ақындар Елбасының өмірін, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жасаған ұшан теңіз еңбегін тілге тиек етті.

Дәстүрлі әндер – өткен күннің өшпес мұрасына айналған асыл қазынамыз

«Дәстүрл іәндер» айдарының қонақтары «Бабалар аманаты» жобасының авторы, ұстаз, домбырашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қалмақан Омар, Шымкент қалалық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Изенова Мөлдір.

«ҰЛТТЫҚ СУСЫН – ҰЛТТЫҚ БРЕНД»

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ.
Осы орайда, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ырым-тыйымдары туралы «Ұлттық сусын-ұлттық бренд» атты семинар-тренинг өткізді. Шара барысында Арыс ауданы, Саналы ауылының «Нар қымыран» шаруашылығының иесі Артықгүл Сопыбекова қымыран баптаудың әдіс-тәсілдері, дайындау жолдарын түсіндірді, жеке кәсіпкер қымыз баптаушы Айсұлу Тасыбекова қымыз баптаудың қыр-сырымен, блогер Айдана Ыбырай сүт, айран, шалап дайындаудың әдіс-тәсілдерімен қатар, адам ағзасына пайдалы тұстарымен бөлісті. Орталық басшысы Сұлтан Оңғарұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

СІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫҢЫЗДА «БОСАҒА МАЙЛАУ» САЛТЫ ОРЫНДАЛА МА?

Отау тігіп, шаңырақ көтерген екі жасқа жасалар жоралғы да, айтылар тілек те көп. Осындай салттың бірі — босаға майлау. Бұл дәстүрді көреген әжелер мен ақ жаулықты аналар жасайды. Екі жастың үйіне уысын толтыра шашуын шашып, ақ ниеттерін білдіріп келеді. Сосын есіктің босағасына ізгі ниетпен май жағады.

Бұл жас отаудың босағасы майлы болсын, қазаны оттан түспесін, берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріледі. Көктемде бірінші шайқаған майды отбасындағылар ауыз тимей тұрып, есік жақтауын, табалдырықты, киіз үйдің ас-су сақталатын жақ босағасындағы киізді майлау ырымы да бар.

Құрметті оқырман Сіздің шаңырағыңызда «босаға майлау» салты орындала ма?

 

«ҮЛПЕРШЕК» ТАҒАМЫН БІРГЕ ЖАСАЙЫҚ!

Құрметті оқырман, Сіздерге «Ońtústik» телеарнасымен бірлесе түсірілген «Дәстүр мен дастархан» бағдарламасын ұсынамыз. Салт-дәстүрге бай, қайбір істі болмасын жөн-жосығымен жасайтын қазақ халқы ішер асқа да мән беріп, оның жасалу жолын, ол тағамның кімге тартылатынына, қандай мақсатта беру керектігіне де ерекше көңіл бөлген. Құдаға бас, күйеу балаға төс тартатынын кез келген қазақтың білері анық. Өйткені, мұның барлығы қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан дүние.

Ал қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары қаншама?! Солардың арасында жылқының жүрегінен дайындалатын үлпершек тағамын көпшіліктің білмесі анық. Ендеше «Үлпершек» тағамын бірге жасайық.

Халық арасында үлпершек тағамына байланысты аңыз да бар. Үлпершекті ұзатылып кеткен қызына ата-анасы сыйлық ретінде дайындап берген. «Қыз жат жұрттық», «Қыз қонақ» дегенмен, төркінінен келген үлпершекті жеген қыз ата-анасының жүрегінде мәңгілік екендігін сезінеді екен.

1 6 7 8 9 10 23