ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді жастарға насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен өзара ынтымақтастыққа меморандум жасасты.

Алдағы уақытта университетпен бірлесе меморандум аясында көптеген жұмыстар жүзеге асыру жоспарлануда.

«ДАРХАН ЕЛДІҢ ТАТУЛЫҒЫ»

«1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе «Дархан елдің татулығы» атты іс-шара өткізді. Шараның мақсаты қаламыздың тұрғындары мен түрлі ұлттар арасында бірлік пен ынтымақты нығайту, қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін өзге этностардың толық меңгеруіне, құрметтеуіне ықпал ету, көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады.

Меркелік кездесуде татулықты ту еткен этнос өкілдері бір-біріне деген ілтипатын білдіріп, мерейлі датаның мән-маңызы туралы сөз етті. Ақ дастархан басында бас қосқан жиында айтыскер, ақын Жандос Мырзабаев қазақ халқының кең пейілін жырға қосты. Қаратау аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Зульфия Бекмұрзаева бастаған әжелер халық әні «Гауһартасты», Кәріс этномәдени бірлестігінің өкілі Ким Елена корей халық әнін, Өзбек этносының өкілі Юсвалиева Диляфруз Абайдың «Көзімнің қарасын» шырқаса, Түрік этносының өкілі Тұрсынова Гүлханым Р.Таймановтың «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әуенін қобыз аспабында нақышына келтіре ойнап берді. Тағылымды шараның соңында этнос өкілдері «Қазақ еліне мың алғыс» айтып, мерекелік көңіл күйде тарқасты.

Бүгін орталыққа Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері келіп, ұлтымыздың салт-дәстүрі, мәдени мұрасынан сусындап, рухани азық алды.

Арнайы экскурсия ұйымдастырушы маман тал бесіктен жер бесікке дейінгі халықтың тұрмыс-тіршілігінде пайдаланған этнографиялық, қолөнер бұйымдарының толық үлгілерімен таныстырды.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді жастарға насихаттау мақсатында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетімен өзара ынтымақтастыққа меморандум жасасты.

Алдағы уақытта университетпен бірлесе меморандум аясында көптеген жұмыстар жүзеге асыру жоспарлануда.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Жастар театры директорының шығармашылық құрам жөніндегі орынбасары, белгілі әнші Досымжан Қарпықұлы Таңатаров арнайы келіп, орталық жұмысының бағыт-бағдары, тыныс-тіршілігімен танысты.

«Салбурын мереке ғой саятшыға…»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Ońtústik» телеарнасымен бірлесе, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Кеңесарық елді мекенінде саятшылық, құсбегілік өнерін насихаттау мақсатында «Салбурын мереке ғой саятшыға…» атты телевизиялық бағдарлама түсірілімін өткізді.
Саятшылық, құсбегілік өнердің қазақ даласында ерте кезеңдерден бері қалыптасып, дамығаны белгілі. Бүгінде осы ұлттық саятшылық дәстүрімізді ұмыт қалдырмай, бабадан қалған бағзы бекзат өнерді жалғап жүрген, оңтүстік өңіріне белгілі құсбегі Жомарт Кеуеновтың бір күндік табиғатпен үндескен өмірі түсірілді. Оның құсбегілік өнерге келу жолы, бұл кәсіптің қыр-сыры, бүркіт баптау мен құмай тазыларды аңшылыққа баулу, аңға салу жолдары көрсетілді.

«ТҰСАУКЕСЕР» РӘСІМІ

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында көпшіліктің сұранысымен «Тұсаукесер» рәсімі өтті. Кішкентай сәбиіміз Алмастың үлкен өмірге алғашқы қадамын кескен — ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры, даңқты боксшы Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков.Тәй-тәй басқан Алмас бүлдіршіннің қадамы құтты, өмір жолы жарқын болсын! Орталықта алдағы уақытта да дәстүрге сай танымал игі жақсылар бүлдіршін ұл-қыздарымыздың тұсауын кесетін болады.
Егер Сіз отбасы қуанышы, мерекелік шаралар мен той-томалағыңызды ата-баба дәстүріне сай, ысырапсыз, мән-мазмұнды өткізгіңіз келсе онда бізге хабарласыңыздар.

«Сақталушы еді сыбаға…» этно-танымдық шара

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында халқымыздың аса құнды «Ерулік», «Сыбаға» дәстүрін дәріптеуде «Сақталушы еді сыбаға…» этно-танымдық шара өтті.
Шараға Түркістан облысы, Отырар, Созақ аудандарының «Құрметті азаматы», қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметұлы, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің директор – бас редакторы Бақтияр Байдаллаұлы,  Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Әбдіхамитқызы қатысты.
«Ерулік» салты бойынша, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының шығармашылық, концерттік саласының жетекшісі, белгілі әнші Ақбота Шатырханқызын киелі шаңыраққа шақырып, баба жолымен ет, сүт тағамдары мен дәнді-дақылдардан дәм тартылды. Сыбағаның жөн-жоралғысы, мән-мазмұны туралы әңгіме өрбіді.
Бүгінде де өз мәнін жоймағанын «Ерулік» дәстүріне куә болған мәртебелі қонақтар айтыскер ақын Есенқұлов Нұрланның арнауын тыңдап, ризашылығын білдірді.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар мен ат үсті ойындарын дамыту, жастарға насихаттау мақсатында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК мен өзара ынтымақтастыққа меморандум жасасты.

Алдағы уақытта спорт мектебімен бірлесе меморандум аясында көптеген жұмыстар жүзеге асыру жоспарлануда.

 

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар мен ат үсті ойындарын дамыту, жастарға насихаттау мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өзара ынтымақтастыққа меморандум жасасты.

Алдағы уақытта спорт клубымен бірлесе меморандум аясында көптеген жұмыстар жүзеге асыру жоспарлануда.

1 4 5 6 7 8 23